Шымкент коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкент коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа оралды. Бұл еліміздің үшінші мегаполисіндегі эпидемиологиялық жағдай қолайлы деп танылғанын білдіреді. COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалауға арналған жаңартылған матрицаны жариялады.

2021 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

  • "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
  • "сары" аймақта: Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
  • "жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1863 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 903 924-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936312-symkent-koronavirus-boiynsa-zasyl-aimaqqa-otti/