Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті әйел пойызда босанды

Опубликовано:

Жолсерік
Фото: ҚТЖ ҰҚ АҚ

"Арқалық-Нұр-Сұлтан" бағытындағы жолаушылар пойызы 8 қазанда Арқалық станциясынан жөнелтілгеннен кейін ер адам пойыз бригадасының қызметкерлеріне зайыбының толғағы келіп қалғанын айтқан деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі.

Төрехан Әбдірайымов бастаған пойыз бригадасы қызметтік нұсқаулыққа сәйкес әрекетке көшіп, келесі станцияға жедел жәрдем шақырылды. Темір жолда 8 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, оның ішінде 3 жылдан бері пойыз бастығы Төрехан Әбдірайымов мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр екен.

Дәрігерлер келгенге дейін теміржолшылар әйелді босануға дайындай бастады. Жолсеріктер Ирина Андреева мен Жаңыл Баталова жолаушылар арасынан табылған дәрігерлер Светлана Аяпова (зейнеттегі акушер-гинеколог) және Гаухар Қойшығұлованың (емдеу ұйымының басшысы) нұсқауымен әрекет жасады. Жүкті әйелді аман-есен босандыру үшін вагонда барлық қажетті жағдайлар жасалды және біраз уақыттан дүниеге қыз бала келді.

Пойыз Державинск бекетіне жеткеннен кейін жас ана Нұрайлым Құрманалы мен оның шақалағын жолсеріктер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1936319-zukti-aiel-poiyzda-bosandy/

pixel