Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бірнеше жігіт ер адамды тепкінің астына алған (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: lada.kz

9 қазанға қараған түні Ақтауда 7-шағын аудандағы караоке-клубта болған жанжал бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалды. Видеода бірнеше адам қоршаудың жанында бір жігітті ұрып жатады.

Lada.kz жазғандай, видеода бірнеше жастар жерде жатқан жігітті қоршап алғаны көрсетілген, қалғандары сөйлесіп, сырттай бақылап тұрғанда арасындағы бір жігіт жердегіні тепкілейді.

Басылымның мәліметі бойынша, полиция 9 қазанға қараған түні бұл факт бойынша қоңырау келіп түспегенін хабарлаған.

Соған қарамастан, бақылау камераларында не болып жатқанын байқаған жедел басқару орталығының операторы жақын маңдағы полиция экипажын осы мекенжайға жіберді.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары сол жерден бір топ адамды анықтады. Олар полицейлерге таяқ жеп жатқан жігітті танитындарын айтты.

Жанжалға қатысушылар бір-біріне ешқандай шағым, талап немесе арыз бермеген.

Ескерту! Видеода жантүршігер кадрлар бар, видео психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдарға көруге ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936334-aqtauda-birnese-zigit-er-adamdy-tepkinin-astyna-algan-video/

pixel