Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолалық полицей науқас баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Polisia.kz

Ақмолалық полицей науқас баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазанның 7-сінде кешкі сағат 20:30 шамасында Зеренді аудандық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Дәулетхан Матаев "Участок" жедел алдын алу іс-шарасы аясында тірек пункттерінің жұмысын тексерді. Ол "Атбасар-Көкшетау" автожолының 28 шақырымында облыстық орталығына бағыты бойынша полицей жолдың шетінде істен шыққан "Газель" көлігін көріп, жүргізушіден мәні-жайды сұрайды.

Жүргізушісі 10 айлық баланы жедел ауруханаға апара жатқанын және көліктің істен шыққанын айтып, көмек сұрайды. Анықталғандай, сәби ойыншықтың магнитін жұтып қойған. Тыныс алуы қиындаған соң ата-анасы өз күшімен ауруханаға жеткізбекші болған. Алайда, жолда көліктен ақау шығып, жарты жолда тоқтаған.

"Полиция қызметкері дереу баланы анасымен бірге қызметтік көлігімен 15 минуттың ішінде облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Нәресте жағдайы жақсарғанға дейін реанимацияда 4 сағат өткізіп, жалпы палатаға ауыстырылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерінің жедел әрекеттерінің арқасында қыздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", – деді ведомстводан.

Өз кезегінде, сәбидің ата-анасы қажет уақытта көмек көрсеткен полиция қызметкеріне алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936339-aqmolalyq-policei-nauqas-balany-auruxanaga-zedel-zetkizuge-komektesti/

pixel