Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Опубликовано:

"Тарзанкадан" секірген қыз
Видеодан алынған кадр: Instagram / ekaraganda.kz

Қарағандылық полицейлер "тарзанкадан" секірген әйелдің өліміне қатысты тергеуді бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 306-бабының 1-бөлігі "Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жағдайдың егжей-тегжейі зерттеліп, анықталып жатыр", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Қарағандыда 25 метр биіктіктен "тарзанкадан" секірген әйел көз жұмғанын хабарлаған едік.

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі ekaraganda.kz парақшасында жарияланды. Қайғылы жағдай "Созвездие" қонақ үйінің аумағында болған. Аттракцион мейманхананың шатырында орнатылған. 33 жастағы әйел 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон конструкцияға соғылған. Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді.

"Науқасқа тез арада операция керек болды. Әйелдің басындағы гематомаларды жою үшін бас сүйегіне ота жасалды. Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды", – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936378-qaragandyda-attrakcionda-arqanmen-sekirgen-aieldin-olimine-qatysty-tergeu-bastaldy/

pixel