RU

Елде коронавирус пен пневмониядан тағы 33 адам қайтыс болды

Коронавирус
Көрнекі фото: today.kz

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан тағы 33 адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің дерегіне сүйенсек, 9 қазан күні коронавирус пневмониясының 42 жағдайы және 4 өлім дерегі тіркелді. Оған қоса, 112 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап республика бойынша қауіпті дертпен 77 247 адам ауырды. Сонымен қатар, 4 914 науқас аурудан қайтыс болып, 65 208 адам сырқатты еңсеріп шықты.

Сондай-ақ министрлік мәліметінше, 10 қазанда коронавирус инфекциясы тағы 1717 адамнан анықталып, 29 науқас көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936384-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-tagy-33-adam-qaitys-boldy/