RU

Елімізде коронавирусқа шалдыққан 700-ге жуық адамның жағдайы ауыр

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Thomas Lohnes/Getty Images

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан науқастардың қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында хабарланды.

11 қазандағы мәлімет бойынша, осы уақытта ел өңірлерінде 53 751 адам коронавирус инфекциясынан (46 626 КВИ+ және 7 125 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 653 пациент стационарда, 44 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 696 адамның жағдайы ауыр,
  • 194 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936389-elimizde-koronavirusqa-saldyqqan-700-ge-zuyq-adamnyn-zagdaiy-auyr/