Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында көлік дәл ғимарат баспалдағына аударылып түсті (фото)

Опубликовано:

Жол апаты
Кадр: VK / Serg Merg

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында жол апатына түскен көлік дәл ғимарат алдындағы баспалдақтың үстіне аударылып түсті деп жазады lada.kz.

Басылымға оқиға куәгерінің хабарлауынша, жол апаты 10 қазан күні таңертең шамамен сағат 05:00-де болған. Жеңіл көлік жаяу жүргіншілер аймағына шығып кетіп, тұрақта тұрған көлікке соғылып, ғимараттың кіреберісіндегі баспалдақтың үстіне аударылып қалған.

Жол апаты
Кадр: VK / Serg Merg

Жол апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың бар-жоқтығы әзірге белгісіз.

"Жол-көлік оқиғасына қатысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен ресми ақпарат күтілуде", - деп жазады басылым.

Жол апаты
Кадр: VK / Serg Merg

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жол апаты болып, көлік қақ ортасынан бөлініп қалғанын жазған едік. Рөлге ие бола алмай қалған жас жігіт жол апатынан көз жұмды.

Одан бөлек, Қапшағай маңында жантүршігерлік жол апатынан көлік бағанаға кіріп кеткенін жазған болатынбыз. Салдарынан бір адам көз жұмып, бес адам ауруханаға түрлі жарақатпен түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936397-mangystau-oblysynda-kolik-dal-gimarat-baspaldagyna-audarylyp-tusti-foto/

pixel