RU

Ақмола облысында сапасыз жол үшін 4 шенеунік жауапқа тартылды

Жол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органдар мен жол ұйымдарының лауазымды тұлғалары нұсқамаларды орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары тікелей және ықпал ететін жағдайлар бойынша жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында облыстың елді мекендерінің жолдары мен көше-жол желісіне тұрақты негізде тексеру жүргізеді.

"Ағымдағы жылдың басынан бері 2053 тексеру жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдардың атына жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде 257 хат жолданды. Жолдар мен жол құрылыстарын тиісті деңгейде күтіп-ұстамағаны үшін 168 лауазымды тұлға, оның ішінде ЖАО-ның 49 басшысы, ҚазАвтоЖол компаниясының 45 басшысы мен лауазымды тұлғасы және басқа жол ұйымдарының 74 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді ведомстводан.

Сонымен бірге, әкімшілік полиция органдары берген жол белгілерін орнату және көлік жүретін жолдардағы шұңқырларды жою жөніндегі нұсқамаларды орындамағаны үшін әкімшілік кодекстің 462-бабы бойынша 4 лауазымды тұлға, оның ішінде Егіндікөл ауылының әкімі, Қазақавтожол Ақмола облыстық филиалының директорының орынбасары, Көкшетау қаласы мен Щучинск қаласының ТКШ басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936398-aqmola-oblysynda-sapasyz-zol-usin-4-seneunik-zauapqa-tartyldy/