Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында төбелескен полицейдің мұрнын сындырды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысында мерекелік отырыстың арты төбелеске ұласты. Оқиға орнына барған полицей жарақат алды. Бұл оқиғаның егжей-тегжейі Риддер қалалық сотының материалдарынан белгілі болды деп хабарлайды YK-news.kz.

Осы жылдың қаңтарында риддерлік отбасы ескі Жаңа жылды көңілді қарсы алмақшы болған. Үй иесі тағы бір ерлі-зайыптылар мен ескі досын қонаққа шақырған. Ішімдік қойылған мерекелік отырыс екі күнге созылды. Сол үйде түнеген достары таңертеңнен ішімдік ішуді жалғастырады.

Анықталғандай, азаматтық некедегі әйелімен келген ер адамға кодталғанына байланысты алкоголь сусындарды ішуге болмағанымен қоймай, сонымен қатар ұзақ уақыт үйден жырақта жүруге рұқсат жоқ.

Өйткені, ол жақында сынақ мерзімінен шеттетіліп, пробациялық бақылауға алынған. Алкогольді жеткілікті мөлшерде ішкен қонақ өзін нашар сезіне бастайды, сіңірі тартылады, алайда достары көмектеседі.

Ер адам есін жинап, өз-өзіне келгенде ішуді жалғастырмақ болады, бірақ мерекенің барлық қатысушысы оның бұл ойын құптамай, қарсы шығады. Қонақ ашуға басады. Содан ұрыс басталады.

Үйдегілердің бірі полиция шақырады. Ер адамды тыныштандыруға тырысып жатқанда тәртіп сақшыларының бірі жарақат алды, ішімдікке тойып алған қонақ полицейдің мұрнын сындырды. Оны тыныштандыру үшін бұрыш газды құйылған баллонды қолдануға тура келді.

Ер адам сотқа берілді. Сот жазаны ауырлататын жағдайлар ретінде ер адамның өтелмеген уақыты, сынақ шарттарын бұзу және алкогольдік мас күйінде болғаны ескерді. Нәтижесінде екі үкімнің қосындысы 5 жылға бас бостандығынан айыруға әкелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1936399-sygys-qazaqstan-oblysynda-tobelesken-policeidin-murnyn-syndyrdy/

pixel