Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой: Қазақстанда коронавирус бойынша эпидахуал тұрақтанды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі мәжілістегі үкімет сағатында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алексей Цойдың айтуынша, министрлік эпидемиологиялық жағдайды болжам мен матрица негізінде бағалайды, нәтижесінде шектеу шараларын күшейту немесе жеңілдету туралы шешімдер қабылданады.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді, тәулігіне шамамен дертті жұқтырудың 2000 жағдайы тіркелуде, бұл өз алдына инфекцияның таралуына әсер етті, 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті саны 1,11 -ден 0,96 дейін, яғни 1,2 есе төмендеді", - деп қосты министр.

Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияға қатысты эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы, тиісінше, науқасты ауруханаға жатқызу жағдайының азаюына әсер етті: жалпы алғанда елімізде 1 тамыздан бастап инфекциялық орындардың толуы 56-дан 36 пайызға дейін реанимациялық орындардың толуы 45-тен 33 пайызға дейін төмендеген.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 1717 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болып отыр. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 905 641 адамға жетті.

Ал эпидаухал бойынша матрицаға сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Жасыл" аймаққа Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936439-coi-qazaqstanda-koronavirus-boiynsa-epidaxual-turaqtandy/

pixel