Цой: Біз жалған вакцинация төлқұжаттарын мәліметтер базасынан жоямыз
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі мәжілісте соттың шешімімен коронавирусқа қарсы жалған вакцинация төлқұжаттары медициналық мәліметтер базасынан алынып тасталғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алексей Цой дәрігерлердің вакцинация төлқұжатын да, ПТР тестінің нәтижелерін де қолдан жасаған фактілері болғанын мойындады.
"Біз бұл мәселені бірінші болып көтердік. Біздің күш құрылымдарынан осындай жедел жұмыстарды жүргізуді, қатарларды тазартуды сұрадық. Осындай 90-нан астам қылмыстық іс ашылғаны белгілі. Олардың жартысынан көбі жалған ПТР тесттері болды, қалғандары вакцинация паспорттарын қолдан жасағанға байланысты болды. Әрбір осындай іс сот шешімі шыққаннан кейін қаралады, бұл жалған төлқұжаттардың барлығы дерекқордан жойылады", – деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
"Біз халыққа бұл өзін-өзі алдау екенін түсіндіруге тырысамыз. Қағаз сатып алғанымен, ол инфекциядан қорғамайды. Олар кімді алдап жүргенін білмеймін? Шын мәнінде, вакцинаны алғаннан кейін, кез келген жағдайда коронавируспен ауырудың барысы жеңілдеуіне кепілдік бере аласыз. Жұмысты істеп жатырмыз", – деп қорытындылады Цой.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936449-coi-biz-zalgan-vakcinaciya-tolquzattaryn-malimetter-bazasynan-zoyamyz/