RU

2022 жылдың демалыс күндері ауыстырылатын болды

Мереке
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин келесі жылдың екі демалыс күнін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды. Құжат "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Демалыс күндерін ауыстыру Қазақстан Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатыны алға тартылды.

Қаулыға сәйкес демалыс күндері:

  • 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;
  • 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылатын болды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни осы аптада қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы Жаңа жыл мерекесін көпшілікпен тойлауға рұқсат берілетін-берілмейтіні туралы сұраққа жауап берген еді.

Министр Жаңа жыл қарсаңындағы корпоративтік кештерді өткізуге теориялық тұрғыдан мүмкіндік барын атап өтті.

"Бүгінде бұған рұқсат бар, 50 адамға дейін жиналуға рұқсат беріліп отыр. Яғни, қазірдің өзінде ол мүмкін", - деп жауап берді Цой журналист сауалына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936455-2022-zyldyn-demalys-kunderi-auystyryldy/