Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-депутат Мәскеудегі Абай ескерткішінің дәрет сындыратын орынға айналғанын ашына жеткізді

Опубликовано:

Абай ескерткіші
Фото: Facebook/Танирберген Бердонгар

Желіде Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің тұсында, Чистопрудный бульварында орналасқан Абай ескерткішіне дәрет сындыру әрекеттері туралы видео пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ресейлік "Лев против" қозғалысының мүшелері түсірген видеоны экс-депутат, белгілі блогер Тәңірберген Бердоңғар Facebook парақшасында жариялады. Онда қозғалыс мүшелері Абай ескерткішінің маңы түнде ішімдікке әуес мәскеуліктердің әжетханасына айналғанын айтады.

"Ортасында әжетхана. Ескерткішке дәрет сындыру дегенді қалай түсінуге болады?", - дейді Лев против қозғалысының мүшесі видеода.

Тәңірберген Бердоңғар Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне ескерткішті күзетуге тәртіп сақшыларын жұмылдыруды ұсынды.

"Чистые пруды көшесіндегі желекжол түнгі уақытта ішімдікке тойып алғандардың жиналатын орнына айналды. Бұл бірінші рет емес. Өз кезегінде біз де еліміздің аумағындағы орыстың ұлы тұлғаларына құрметпен қарауға кепілдік береміз. Көрші елмен татулығымызды іспен көрсетейік", - дейді ол.

Айта кетейік, желіде ақын Абай Құнанбаевтың Түркиядағы ескерткішіне де вандализм жасалғаны туралы ақпарат тарады. Тәртіп бұзғандар Абай бюстіндегі тақташадағы жазуды сызып кеткен. Стамбулдағы қазақ ақынының ескерткішіндегі өзгерісті белгілі кәсіпкер Қыран Елемес байқап, видеоға түсіріп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936487-eks-deputat-maskeudegi-abai-eskertkisinin-daret-syndyratyn-orynga-ainalganyn-asyna-zetkizdi/

pixel