Алдағы үш күнде елімізде жауын-шашын тоқтап, күн жылынады

Опубликовано:

Күз
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.

12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.

Батыста және солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы 13-20 градусқа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8-15 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда 13-20 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936491-aldagy-us-kunde-elimizde-zauyn-sasyn-toqtap-kun-zylynady/