Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әуелі қазақша үйреніңдер": Кәріс жігіті өзінің атын қазақшалауды талап еткендерге жауап берді

Опубликовано:

Владислав Тен
Владислав Тен: assembly.kz

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін Владислав Тен Қазақстанда тұратын кәрістердің атын қазақшалауға байланысты өз ойын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Кеңес заманындағы кәрістердің орысша аттарын қазбалаудың қажеті жоқ. Иә, менің атым Владислав, славян тегінен шыққан. Бұл атты алыс шығыстан депортацияланған менің орыстілді ата-анам қойды.

Негізі, орыстандыруды бастан-аяқ басынан кешкен біздер. Тілдік сәйкестігімізді жоғалттық. Мәдениетіміз, құдайға тәубе, оңтүстік Корей түбегінің арқасында жаңарып келеді.

«Кәрістер, нағыз қазақ болам десеңдер, орысша аттарыңды қазақшаға ауыстырыңдар» дейтін риториканы түсінбеймін.

«Қазақтар, алдымен өз тілдеріңді үйреніңдер. Біз қазақтарға оңай сіңісеміз де, қазақша аттар ала бастаймыз. Бірақ, алдымен жаппай қазақыландыруды бастаңыздар» дегім келеді», - делінген жазбада.

Айта кетелік, Владислав Тен осыдан 11 жыл бұрын Қазақстанға көшіп келген. Ол дәрігерлік қызметінен бөлек, қазақ тілін үйретудің ерекше әдістерін ойлап тапты. Қазіргі таңда оның курсынан көптеген азаматтар білім алуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936517-aueli-qazaqsa-uireninder-karis-zigiti-ozinin-atyn-qazaqsalaudy-talap-etkenderge-zauap-berdi/

pixel