Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада пойыздар кешігіп, вокзал адамға лық толды: ҚТЖ түсініктеме берді

Опубликовано:

Астана
Фото: t.me/myastanacity

Бүгін, 11 қазанда пойыздардың кешігуі салдарынан Нұр-Сұлтан темір жол вокзалына адам толып қалды. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ не болғанын түсіндіріп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Темір жол фокзалына жиналған ығы-жығы халық туралы әлеуметтік желіде белгілі болды. Фотосуреттер "Астана - Что? Где? Когда?" Telegram каналында жарияланды.

Пойыздардың бәрі кешігіп келіп, кешігіп кеткені атап өтілді. Осы орайда вокзалдың анықтама орталығы жағдайды түсіндіріп бере алмаған.

Болған жайтқа қатысты "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ресми сайтында пікір білдірді.

"2021 жылғы 11 қазанда техникалық себептер бойынша Қырқыншы станцияда Нұр-Сұлтан-1 станциясынан келетін және кететін жолаушы пойыздары қозғалысының жұмыс кестесі бұзылда. Бұл вокзалда жолаушылар санының көбеюіне әкелді.

Вокзал дикторлары тұрақты негізде жолаушыларға пойыздардың кешігуі туралы ақпарат таратты. Вокзал қызметкерлеріне жүгінген кезде жолаушыларға жан жақты  түсініктемелер беріледі. Сағат 12-00-де пойыздардың қозғалысы тұрақтанды", - делінген хабарламада.

Ұлттық компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936526-elordada-poiyzdar-kesigip-vokzal-adamga-lyq-toldy-qtz-tusinikteme-berdi/

pixel