RU

Елордада белгісіз біреу бірнеше мектепке бомба қойылғанын хабарлады

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген хаттар келгені туралы қоңырау түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті тексеру жүргізді, ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш заттың салынғаны туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Ведомство азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерлерге жалған хабарламалар жібермеуді сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін 1-2 қыркүйекте Ақтөбедегі мектептерге белгісіз біреу бомба қойылғанын айтып хабарласқан еді.

Алайда тәртіп сақшылары ешқандай жарылғыш зат анықтаған жоқ. Ақпарат жалған болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936536-elordada-belgisiz-bireu-birnese-mektepke-bomba-qoiylganyn-xabarlady/