Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жас қызды би алаңында ұрып кетті (видео)

Опубликовано:

Түнгі клуб
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда би алаңында бойжеткенді ұрып кетті. Оның соққыға жығылған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдікті қолға түсті. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 9 қазанда сағат 03:33-те 102 операторына Атырау полициясынан 26 жастағы қыздан ақпарат түскен.

Ол Азаттық көшесінде орналасқан кафелердің бірінде би алаңында белгісіз адамның сол көзіне жұдырық жұмсағанын, содан кейін қашып кеткенін айтқан.

Бұзақылық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында 23 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936537-atyrauda-zas-qyzdy-bi-alanynda-uryp-ketti-video/

pixel