Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызметтік көлік прокурордың балаларын тасып жүр": Желідегі фотодан соң тексеріс басталды

Опубликовано:

Көлік
Фото: facebook.com/groups/Novosti.Karaganda

Әлеуметтік желіде "қызметтік көлік прокурордың балаларын спорт кешеніне тасиды" деген ақпарат пайда болды. Жағдайға қатысты Қарағанды облысының прокуратурасы пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Facebook желісінде спорт кешенінің алдындағы тұраққа қойылған көліктің фотосы жарияланды. Суреттегі темір тұлпардың қызметтік көлік екені де жазылған.

Жазбада прокуратураның қызметтік көлігі Гүлдер шағын ауданында орналасқан спорт кешеніне бала таситыны айтылады. Ал жүргізушісі балаларды әкелген соң ғимарат алдында сағаттап күтетін көрінеді.

Ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын облыстық прокуратура қызметкерлері анықтайтын болады.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда аталған факті бойынша тексеріс басталған. Құзырлы орган істің мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936539-qyzmettik-kolik-prokurordyn-balalaryn-tasyp-zur-zelidegi-fotodan-son-tekseris-bastaldy/

pixel