RU

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

көше
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазгидромет 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялайды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сейсенбі күні антициклон республиканың батыс жартысына әсерін сақтайды, сондықтан күн ашық болады. Шығыста өңірдің біршама бөлігінде та қар, жаңбыр жаууы ықтимал. Ал еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік жартысында және орталығында тұман түсіп, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Түнде және таңертең 12 қазанда Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең 12 қазанда тұман, көктайғақ күтіледі.

12 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Түнде 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең 12 қазанда Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулік бойы Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз 12 қазанда Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936567-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/