Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрлігі 155 млрд теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Үкімет отырысында Қаржы министрлігінің басшысы мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша 155 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерұлан Жамаубаевтың хабарлауынша, камералды бақылау жыл басынан бері 5,7 триллион теңгеге 600 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу процедурасын қамтыған.

"Тексеру нәтижелері бойынша 32,4 мың процедурада бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 98 пайызы мемлекеттік аудит объектілерімен орындалды. 2,5 мыңнан астам аудиторлық іс -шаралар жүргізілді. Аудит 1 триллион 671 млрд теңге бюджет қаражатын қамтыды. 155 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды", - деді министр.

Оның дереггінше, қазіргі уақытта тауар жеткізу, қызмет көрсету және жұмысты орындау, сондай-ақ бюджетке өтеу және есепте көрсету арқылы 123 миллиард теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936618-qarzy-ministrligi-155-mlrd-tengenin-zan-buzusylyqtaryn-anyqtady/

pixel