Алматыда карантин режимін бұзған 24 нысан анықталды
Опубликовано:

Алматының мониторинг топтары карантин шараларының сақталуы бойынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жедел штаб отырысында атап өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 4-10 қазан аралығында Алматы қаласы бойынша мониторинг топтары карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында 195 нысанға тексеру жүргізді. Ережені бұзған 24 нысан анықталды. Нәтижиесінде 106 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға 7 млн теңгеден астам сомаға 21 хаттама жасалды.
Маска режимін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты 3,7 млн теңгеге 85 хаттама толтырылды. Ashyq жобасы бойынша биылғы жылдың 29 қыркүйегі мен 5 қазаны аралығында жобаға қатысатын объектілердегі 171 келушіде «қызыл» мәртебе, «сары» – 37 адамнан расталды. 4-8 қазан аралығында «қызыл» мәртебесі бар 114 жеке тұлғаға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936619-almatyda-karantin-rezimin-buzgan-24-nysan-anyqtaldy/