Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды

Опубликовано:

Наурызбай қажы Тағанұлы
Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мүфтияттың мәлімдеуінше, іс-шара Республикалық Құран байқауы қарсаңында ұйымдастырылған. Оған бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, елімізге танымал қарилар, облыс бас имамдары мен әр аймақтан келген жас қарилар қатысқан.

"Біз ата-бабасын ардақтаған, әулие-әмбиесіне лайықты құрмет көрсеткен халықпыз. Республикалық Құран байқауы қарсаңында қариларымыз жүз рет Құранды толық хатым етті. Бүгін осы оқыған қасиетті Құран аятын бабалар рухына бағыштап отырмыз. Хадис-шарифте: "Расында Алла Тағала (ізгі ұрпақтың дұғасымен) пенденің дәрежесін көтереді. Сонда пенде: "Бұл ненің себебінен?" деп сұрайды. Алла Тағала: "Сенің ұрпақтарыңның дұғасы себепті" деп жауап береді" делінген. Біздің жасаған дұғамыздың себебінен бабаларымыздың рухы пейіште шалқығай деп үміттенеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай", - деді бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған дін қызметкерлері мен қарилар еліміздің игілігі мен болашағы үшін құрбан болған батырлар мен хан-сұлтандардың, талай нәубетті замандарда репрессияға ұшыраған ата-бабалар рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап, жарылқау тілеген.

Айта кетсек, бүгін Түркістанда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936621-turkistanda-babalar-ruxyna-100-quran-xatym-dugasy-zasaldy/

pixel