Ақтөбеге бет алған Air Astana ұшағы Алматы әуежайына қайтып оралды
Опубликовано:

Алматыдан Ақтөбеге бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайына қайтып оралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Air Astana баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"KS 863 "Алматы-Ақтөбе" рейсінің ұшағы бүгін 05.30-да Алматыдан ұшып шықты. Техникалық себептерге және ұшақ қонуы тиіс әуежайда техникалық қызметтің көрсетілмейтіндігіне байланысты командир Алматы әуежайына қайтып оралуға шешім қабылдады", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Қону сәті қалыпты жағдайда өткені атап өтілді. Рейс 15.40 -та қайтадан Ақтөбеге ұшады. Әуе компаниясы рейстегі барлық жолаушылардың тағам және сусынмен қамтамасыз етілгенін қосты.
Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтаннан Стамбулға бағыт алған жолаушылар ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонғанын жазған едік.
Одан бөлек, Ресейде апатты жағдайда қонған ұшақ өртке оранғаны туралы жазған болатынбыз. Әуе апаты салдарынан 4 адам қаза тапқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936625-aqtobege-bet-algan-air-astana-usagy-almaty-auezaiyna-qaityp-oraldy/