Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды аттракционындағы әйелдің қазасы: Роупджампинг нұсқаушысы қамауға алынды

Опубликовано:

"Тарзанкадан" секірген қыз
Видеодан алынған кадр: Instagram / ekaraganda.kz

Қарағанды полицейлері арқанмен секіру - роупджампинг бойынша 32 жастағы нұсқаушыны қамауға алды. Ол "тарзанкадан" секіргеннен кейін қаза тапқан әйелдің ісіне қатысты күдікті деп танылып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллинге сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша "тарзанкадан" секіруді ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған.

"Тергеу барысында қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталды. Күдікті Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Ерлан Файзуллин.

Еске салайық, Қарағандыда "тарзанкадан" секіру кезінде Шахтинск қаласының 33 жастағы тұрғыны Евгения Леонтьева қайтыс болған еді.

Қайғылы жағдай "Созвездие" қонақ үйінің аумағында болған. Аттракцион мейманхананың шатырында орнатылған. 33 жастағы әйел 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон конструкцияға соғылған. Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізіліп, артынша қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936642-qaragandy-attrakcionyndagy-aieldin-qazasy-arqanmen-sekiru-boiynsa-nusqausy-qamauga-alyndy/

pixel