Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жастағы Айдана Жұмабекова "Павлодар аруы" атанды (фото)

Опубликовано:

Айдана Жұмабекова
Айдана Жұмабекова. Фото: instagram.com/misskazakhstan_official

20 жастағы Айдана Жұмабекова "Павлодар аруы" байқауының жеңімпазы атанды. Бойжеткен "Қазақстан аруы" байқауына өз өңірінің намысын қорғау үшін қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айдананың жеңісі туралы "Қазақстан аруы" ресми парақшасынан белгілі болды.

""Павлодар аруы-2021" атағын 20 жастағы Айдана Жұмабекова жеңіп алды. Құттықтаймыз!", – делінген байқау парақшасында.

Tengrinews.kz хабарлағандай, бойжеткен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Туризм мамандығы бойынша оқиды.

Оның мақсаты – жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітіру.

Айдана сән апталықтарына, сән көрсетілімдеріне қатысып, қазақтың ұлттық киімдерінің дизайнері болғысы келеді. Ол психологияны жақсы көреді, сонымен қатар би билейді екен.

Айта кеткен жөн, жеңімпаз ару үш жылдан бері "тоғыз құмалақ" ұлттық ойынын ойнайды.

Еске сала кетсек, 21 жастағы Айгерім Сүйінова "Атырау аруы-2021" атағын иеленіп, "Қазақстан аруы" тәжіне күресуге мүмкіндік жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.

Бойжеткен полиглот болып шықты. Ол түрлі мемлекеттерге саяхаттап барғанды ұнатады екен. Осы жылы ару Түркия мен Грузияда болып қайтқан. Атыраулық сылқым ағылшын тілінен сабақ береді.

Ал, 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова "Түркістан аруы-2021" атанды. Сұлтанбибі Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өнер мамандығында оқиды.

Айта кетейік, биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының аймақтық турлары онлайн режимінде өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936671-20-zastagy-aidana-zumabekova-pavlodar-aruy-atandy-foto/

pixel