Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Атырау облысында стационарда 200-ден астам науқас жатыр

Опубликовано:

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Thomas Lohnes/Getty Images

Атырау облысында 541 адам коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр. Оның ішінде 207 науқас инфекциялық стационарларда, ал 334 пациент үйінде емделу үшін оқшауланған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өткен тәулікте қауіпті вирусты 13 адам жұқтырған. Нақтылай айтқанда, Атырау қаласында – 7, Теңіз кен орнында – 4, Құрманғазы ауданында 2 науқас анықталған.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 51 адам сауығып шықты. Қазір ұй жағдайында емделу үшін 334 науқас оқшауланды. Ал, модульдік ауруханада – 74, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 53, №2 облыстық ауруханада – 44, аудандардағы инфекциялық стационарларда 36 пациент ем қабылдап жатыр" , - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936704-covid-19-atyrau-oblysynda-stacionarda-200-den-astam-nauqas-zatyr/

pixel