RU

Ақтөбеде көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Анықталғандай, жол-көлік оқиғасы 11 қазан күні сағат 12:00-де орын алған. “Lada Granta” автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі Маресьев көшесінде қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған кезде көлік құралының толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендетпей, жолдың жүру бөлігін оңнан солға қарай кесіп өтпек болған 11 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендету керектігін ескертеді.

"Жол қозғалысының жас қатысушыларына аса мұқият болыңыз, баланың іс-әрекетін болжау мүмкін еместігін есте сақтаңыз, жүріс бөлігінде оларды байқаған сәтте жылдамдықты алдын ала төмендетіңіз", - деп үндеу жасады полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936705-aqtobede-kolik-zurgizusisi-zasospirimdi-qagyp-ketti/