Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-министр Қазақстанда қанша дизель отыны қалғанын айтты

Опубликовано:

Дизель
Көрнекі сурет: pixabay.com

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанның ішкі нарығына дизель отынын жеткізу жағдайын тұрақтандыру қазанда күтілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әсет Мағауовтың айтуынша, 11 қазандағы жағдай бойынша дизель отынының жалпы қалдығы 215 мың тоннаны құрайды, оның ішінде мұнай қоймаларында 123 мың тонна.

"Қазан айында дизель отынын өндіру көлемі 330 мың тоннаны құрайтынын және импорттық жеткізілімді күшейтетінін ескере отырып, қазан айына дейін 80-100 мың тоннадан импортталады деп күтеміз, ішкі нарыққа дизель отынын жеткізу тұрақтанады күтеміз", – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің батыс өңірінде жүк көлігінің жүргізушілері дизель отынының тапшылығына шағым білдірген болатын. Айтуларынша, бүгінде Ақтөбеде бір қолға – 50 литр, Атырау мен Оралда жүз литрден артық бермейді.

Оған қоса, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов дизель отынына қатысты проблемаға тоқталған еді.

Министрлік өкілдері өткен аптада Ресейдегі әріптестерімен келіссөз жүргізген. Соның арқасында Қазақстанға дизель отынын жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Оның айтуынша, тамыз-қыркүйек айларында елдегі үш зауыт тұрақты жұмыс істеді. Рекордты көлемде дизель отыны өндірілді – тамызда 508 мың тонна, қыркүйекте де шамамен осындай көлем.

Бірақ, вице-министрдің сөзінше, дизель отынын тұтыну жағынан да рекорд орнатылған. Тамыз айында сұраныс 519 мың, қыркүйекте 500-518 мың тоннаны құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936754-vice-ministr-qazaqstanda-qansa-dizel-otyny-qalganyn-aitty/

pixel