Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда полиция автобусынан қашып шығып жатқан жігіттердің видеосы тарады

Опубликовано:

Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/eto_astana_detka

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бірнеше адамның полиция көлігінен қашып жатқан видеосы тарады. Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, оқиға өткен түнде астанада болған.

"Ағымдағы жылдың 11 қазанына қараған түні сағат 01:24-те" 102" арнасына Жұмабаев көшесіндегі клубтың жанында жастар арасында төбелес БОЛЫП жатқаны туралы қоңырау түсті", - деп хабарлады полиция.

Оқиға орнына полиция наряды жіберілген. Алайда төбелес фактісі расталмапты.

"Жағдайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілген кезде тәртіп бұзушылар автобустан шыға бастады. Алайда барлық қатысушылар анықталып, "Алматы" полиция басқармасына жеткізілді. Жастарға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп нақтылады ПД.

Сонымен қатар, клуб әкімшілігі тарапынан карантинді бұзу фактісі де анықталып отыр екен. Карантиндік режим шараларын бұзғаны үшін жиналған материал ҚР ӘҚБК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936790-nur-sultanda-policiya-avtobusynan-qasyp-sygyp-zatqan-zigitterdin-videosy-tarady/

pixel