Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл тұрғындарынан шетелде іздеуде болған алты көлік тәркіленген

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Жыл басынан бері Петропавл тұрғындарынан шетелде іздеуде болған алты көлік тәркіленді деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының біразы шетелде тіркелген көліктерге басымдылық береді. Алайда олар қиындыққа тап болуы мүмкін.

Құжаттардың түпнұсқасын тексеру мүмкін болмаған жағдайда көліктің айдап әкетілгені немесе шектеу қойылғаны жайлы анықтау мүмкін емес. Темір тұлпар иесі қазақстандық қылмыстық қудалаудың нысаны болуы және көлігінен айырылуы мүмкін.

Жыл басынан бері Петропавл аумағында Ресей Федерациясында іздеуде болған алты автомобиль анықталған. Олардың барлығы айып тұрағына қойылып, қажетті процедуралар аяқталған соң шетелге тапсырылады.

Сенімхат немесе сақтандыру бойынша көліктерді пайдаланған адамдарға бұл жағдайда ешқандай өтемақы көзделмеген.

"Шетелде тіркелген көліктерді тіркеу құжаттарында көрсетілген адамдардан ғана сатып алу керек, автокөлік жайлы толық мәлімет алған дұрыс. Сатып алатын көліктерді тіркелген елден есептен шығаруға және оларды Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына тіркеуге кеңес береміз, ҚР аумағында сақтандыруды ресімдеу жайлы ұмытпаған жөн", – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936792-petropavl-turgyndarynan-setelde-izdeude-bolgan-alty-kolik-tarkilengen/

pixel