Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында 8 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Опубликовано:

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жамбылдық полицейлер 8 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыдан сегіз жыл бұрын 2013 жылдың 6 қараша күні Тұрар Рысқұлов аудандық полиция басқармасына Құлан ауылының 56 жастағы тұрғыны екі белгісіз тұлғаның автокөлікте келе жатып, оған қатысты қарақшылық әрекет жасап, пышақпен дене жарақаттарын салғаны туралы арызданған болатын.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің (1997 жылғы басылым) 179-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалған. Ағымдағы жылдың 24 тамызында Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған қылмысты жасаған Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының 24 және 26 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады. Олар екі ай мерзімге қамаққа алынды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, күдіктілер өздері жасаған қылмыстарын толық мойындаған. Ведомство Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936818-zambyl-oblysynda-8-zyl-buryn-zasalgan-qylmys-asyldy/

pixel