RU

Елде коронавирус пен пневмониядан тағы 35 адам көз жұмды

аурухана кви
Көрнекі фото: AP PHOTO

Коронавирус пен пневмониядан 35 адам көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ағымдағы жылдың 11 қазанында коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 176 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, 289 адам ауруынан айығып шықты.

2020 жылы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар саны 77 434-ке жетіп, 4 931 өлім жағдайы анықталды, ал жазылып шыққандардың саны 65 558-ге жетті.

Еске салсақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 707 жағдайы тіркелді. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 908 847-ге жетіп отыр.

Айта кеткен жөн, Атырау облысында 541 адам коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 51 адам сауығып шықты. Қазір ұй жағдайында емделу үшін 334 науқас оқшауланды. Ал, модульдік ауруханада – 74, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 53, №2 облыстық ауруханада – 44, аудандардағы инфекциялық стационарларда 36 пациент ем қабылдап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936821-elde-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-tagy-35-adam-koz-zumdy/