Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Telegram соңынан Twitter мен YouTube істен шықты

Опубликовано:

Twitter мен Youtube
Көрнекі фото: pixabay.com

Twitter әлеуметтік желісінде және YouTube видеохостингі жұмысында ақау пайда болды деп хабарлайды Life.ru.

Белгілі болғандай, Telegram мессенджерінен кейін Twitter мен YouTube жұмыс істемей қалды.

Көптеген пайдаланушы сайттардың жұмысына шағымданды. YouTube көрермендері видеоларды көре алмай, кейбірі Twitter аккаунттарына кіруде қиындықтарға тап болды. Екі қызметте де мобильді қосымшаларға қатысты проблемалар бар.

Еске сала кетсек, Telegram жұмысында ақау туындағанына қолданушылар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 5-тен кейін шағымдана бастаған. Олардың 34 пайызы серверге қосылу кезінде, ал тағы 15 пайызы хабарлама жіберуде қиындықтарға тап болған.

Айта кеткен жөн, 5 қазанда біршама уақыт істен шыққан Facebook пен Instagram қызметі қайта жанданғанын жазған едік. Сервистің шамамен 7 сағат жұмыс істемегені белгілі болды.

Facebook желісінің технология директоры Майк Шрупфер өзінің Twitter-дегі парақшасында Facebook қызметін бастағанын, алайда 100 пайыз қалпына келтіру үшін біршама уақыт қажет екенін жазды.

"Біз желіні қолданатын шағын және ірі кәсіпкерлерден, жеке тұлғалардан, отбасы мүшелерінен кешірім сұраймыз", – деді ол.

Сонымен қатар, компанияның Twitter-дегі ресми аккаунты да Facebook желісінің жұмысты қалпына келтіргенін хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936827-telegram-sonynan-twitter-men-youtube-isten-syqty/

pixel