Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ashyq: Екпе алмағандардың кейбіріне "жасыл" мәртебе берілетін болды

Опубликовано:

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бұған дейін тек екпе алғандарға берілген Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебе енді екпе алмағандарға да қолданылатын болды. Бірақ барлығына бірдей емес. Ол үшін қолыңызда вакциналаудан босататын дәрігердің арнайы рұқсаты болуы тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Карантин талабына сәйкес, екпе алмағандарға бұған дейін санаторий, фитнес-орталық, кинотеатр, сауда орындары сынды түрлі объектілерге кіруге тыйым салынған болатын. Енді бұл талап жеңілдетіліп, вакцина алмағандарға да кез келген объектіге еркін кіру мүмкіндігі берілетін болды. Тек тиісті медициналық талапты сақтауы шарт. Бірақ бұл азаматтарға мұндай мүмкіндік уақытша берілетіні алға тартылды.

"Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебе - кез келген азаматтың ПТР-тестілеуден өткенін, COVID-19 теріс нәтиже беретінін растайтын құжат. Сондықтан мұндай мәртебе екпе алмауға белгілі себебі бар азаматтарға берілгелі отыр. Бұл қолжетімділікті арттырады. Бірақ медициналық дәлелдемелердің мерзімі аяқталғаннан кейін олар міндетті түрде екпе алуы тиіс", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 707 жағдайы тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 908 847 жетіп отыр.

Сондай-ақ, 13 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, еліміздің алты өңірі "жасыл" аймаққа енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936837-ashyq-ekpe-almagandardyn-keibirine-zasyl-martebe-beriletin-boldy/

pixel