COVID-19: Қазақстанның алты өңірі "жасыл" аймақта
Опубликовано:

13 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, еліміздің алты өңірі "жасыл" аймақта екені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 707 жағдайы тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 908 847 жетіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936839-covid-19-qazaqstannyn-alty-oniri-zasyl-aimaqta/