Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжамы жарияланды

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

14-16 қазан күндері ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпал етуі нәтижесінде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы 15-23 градус жылы болады, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 7-15 градус жылы болады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12-21 жылы болады деп күтілуде.

Еске салсақ, бұған дейін қазан айы магниттік дауылдарға толы болатыны туралы жазған едік.

Мамандардың болжамына сенсек, 18 - 24 қазан - бірнеше магниттік дауыл болады, оның ең үлкені 22-ші қазанда күтіледі. Гипертония немесе жүрек аурулары бар адамдарға бұл күні барынша күтініп жүрген абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936886-aldagy-us-kunde-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzamy-zariyalandy/

pixel