Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пышақ ұстаған ер адам Алматы тұрғынынан 10 млн теңгесін тартып алған

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көлік сатып алғысы келген Алматы тұрғынына қарақшылық шабуыл жасалды. Тәртіп сақшылары автокөлік сатушысын ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының басшысы Жақсылық Алтынбаевтың айтуынша, кезекші бөлімге Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ер адамның арқасында пышақ жарақаттары болған.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, жәбірленуші көлік сатып алмақшы болған. Полицияның мәліметінше, шабуыл сатушымен Есік қаласында кездесу кезінде болған.

Болжам бойынша, сатушы жәбірленушіге пышақпен шабуыл жасап, одан 10 миллион теңгесін тартып алған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Есіктің 22 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қылмысын мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936893-pysaq-ustagan-er-adam-almaty-turgynynan-10-mln-tengesin-tartyp-algan/

pixel