Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды аттракционындағы әйел өлімі: депутат жауапты шенеуніктерді жазалауды талап етті

Опубликовано:

Қарағандылық әйел
Видеодан кадр: Telegram/patriot_patriot

Мәжіліс депутаты Артур Платонов үкіметтен Қазақстандағы аттракцондардың бәріне жүйелі түрде бақылау жүргізуді қамтамасыз етуді сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутаттың хабарлауынша, мәжілісмендердің үкіметке бірнеше рет жүгініп, азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі әлі қамтамасыз етілмеген демалыс саябақтарының, ойын-сауық саябақтарының, аттракциондардың, ойын алаңдарының техникалық жай-күйін бақылау бойынша жедел жүйелі шаралар қабылдауды сұраған.

"Тағы бір аттракционда адам өлімі болды. Қарағандыда екі баланың анасы қайтыс болды. Тағы да "Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Кеше БАҚ беттерінде роупджампинг нұсқаушысының ұсталғанын хабарлады", - деді ол.

Еске салайық, Қарағандыда "тарзанкадан" секіру кезінде Шахтинск қаласының 33 жастағы тұрғыны Евгения Леонтьева қайтыс болған еді.

Қайғылы жағдай "Созвездие" қонақ үйінің аумағында болған. Аттракцион мейманхананың шатырында орнатылған. 33 жастағы әйел 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон конструкцияға соғылған. Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізіліп, артынша қаза тапты.

Одан бөлек, 12 қазанда роупджампинг нұсқаушысының ұсталғанын хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936901-qaragandy-attrakcionyndagy-aieldin-qazasy-deputat-zauapty-seneunikterdi-zazalaudy-talap-etti/

pixel