Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында 20 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Опубликовано:

Ерхан Тәжібаев
Ерхан Тәжібаев. Фото: Отбасы архивінен

20 жастағы Теміртау тұрғыны Ерхан Тәжібаев Қарағандыға барар жолда із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазіргі таңда жігітті іздеуге өңір полициясының құрамы толықтай дерлік жұмылдырылып отыр, деп хабарлайды NUR.KZ.

Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны Ерхан Тәжірбаев үйінен 10 қазан күні таңертең шығып кеткен.

Қарағандыдағы жұмысына бет алған ол діттеген жеріне сол бетінше бармаған. Ал телефоны әлі күнге дейін өшірулі.

"Қатты уайымдап отырмыз. Ерхан бұған дейін ешқашан бұлай хабарсыз кетпеген. Сол түні таңертең мен түнгі кезектен шығып, үйге келгенде ол жұмысқа кетуге дайындалып жатқан еді. Әдеттегідей. Қолына жолда жейтін тамағын алып, киініп, шығып кетті. Қарағандыда сатушы-кеңесші болып жұмыс істейді.

Әдетте ол жұмысына жеткен соң анасына хабарласатын. Сол күні қоңырау шалмаған соң, анасы өзі телефон соқты. Бірақ телефоны өшірулі болды. Түстен кейін жұмысына барып келдік, бірақ әкімші ол жұмысқа шықпағанын айтты.

Өзімен бірге банк картасы болған, оның алдында ғана ол жалақысын алған болатын. Біз Теміртаудағы бейнебақылау камераларының жазбасын қарап шықтық. Ол "Корзина" супермаркетіне кіріп,+6+ ақша шешіп алған екен. Ал одан соң оны ешкім көрмеген", - дейді жігіттің әкесі Мейрамбек Утаганов.
Ерхан Тәжібаев
Ерхан Тәжібаев. Фото: Отбасылық архивтен

Ерханның жақындары бүгінде қатты алаңдаулы. Сондықтан жас жігіттің қайда екенін білетін жандар болса, хабарласуын сұрайды. Бұл ақпарат үшін олар тіпті ақша төлеуге дайынбыз деп отыр.

"Біз облыс тұрғындарынан көмек сұраймыз. Көрген-білгендер болса, хабарласуын өтінеміз. Қатты уайымдап отырмыз. Сабырлы бала, ешкімге ешқандай қиындығын көрсетпейтін. Өзі де жаңалықтарды оқып отырса, бір хабарын берсе екен. Мүмкін проблемалары немесе қарыздары бар шығар. Барлығын шешеміз. Ешкім ұрыспайды", - дейді жоғалған жігіттің әкесі.

Қарағанды облысы полиция департаментіндегілер жігіттің ата-анасының өтініші тіркелгенін жеткізді. Қазіргі таңда ведомстводағы жеке құрам жасағы толықтай іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Айта кету керек, сол күні Ерхан Тәжібаев сұр күртеше және қара түсті шалбар киген. Өзімен бірге сұр рюкзагы болған.

Ерханды көрген-білгендер болса, келесі нөмірлерге хабарласуын сұрайды: 8 707 953 32 33, 8 707 599 55 68 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1936924-qaragandy-oblysynda-20-zastagy-zigit-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketti/

pixel