Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

116 мың теңге көп: Депутат жалдамалы баспана алуға ниетті жастардың табысы туралы айтты

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев үкіметтен жалдамалы баспана алу үшін жұмыс істейтін жастардың табысына қатысты талаптарды өзгертуді сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы үй беру ережелеріне сәйкес, өтініш берушінің ай сайынғы кірісі кемінде 40 АЕК екенін растайтын соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама көрсету қажет. Биыл бұл сома 116 600 теңгені құрайды.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше Қазақстанда 20-29 жастағы азаматтар саны 2,5 миллионнан асады. Оның 1,5 миллионы қалада тұрады.

"Осы бағдарлама іске асып жатқан қалалар бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысын салыстыратын болсақ, 2021 жылдың бірінші тоқсанында Шымкентте 76 982 теңге, Алматыда 166 554 теңге, Нұр-Сұлтанда 179 722 теңгені құрап отыр", - деді Ташқараев вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Оның сөзінше, жастар жалдамалы пәтер алу конкурсына қатысу үшін жалақы мөлшері тым жоғары екенін айтып шағымдануда. Жалға берілетін тұрғын үйді конкурс бойынша алу қиын.

"Жұмысшы жастардың айтуынша, пәтер алу үшін айлық есептік көрсеткішті (40-тан 25 АЕК-ке дейін) төмендету – мегаполистердегі жас отбасылар мен жас мамандарға үлкен көмек. Осы айтылғандар негізінде жастарды қолдау мақсатында жалға берілетін тұрғын үйге арналған конкурстарға қатысушыларға қойылатын талаптарды өзгерту мүмкіндігін қарауды сұраймын", - деді депутат.

Ташқараев жастардың арендалық баспана конкурсына қатысуына жол беретін табыс сомасын азайтуды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936931-116-myn-tenge-kop-deputat-zaldamaly-baspana-aluga-nietti-zastardyn-tabysy-turaly-aitty/

pixel