Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда COVID жұқтырған науқастарға арналған 100-ден аса стационар жабылды

Опубликовано:

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қазақстанда 25 тамыздан бері коронавируспен ауырған науқастарды емдеуге арналған 103 стационар жабылды. Мұндай шешім эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты қабылданған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеген.

"Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты өңірлерде 25 тамыздан бері ковидтік стационар ретінде көмек көрсеткен 103 нысан жабылды", - деп жазды ол Facebook-те.

Министр жоғарыда көрсетілген стационарларда 33 465 инфекциялық төсек-орын орналасқанын нақтылады. Қажеттілік туындаса, олар вирус жұқтырғандарды емдеу үшін резерв ретінде қайтадан пайдаланылады.

Бұған дейін Цой Қазақстанда тамыздың екінші жартысынан эпидахуал тұрақтанғанын, аурушаңдық 3,2 есе, өлім-жітім 2,7 есе төмендегенін мәлімдеді.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 908 847 адам коронавирус жұқтырды, соның ішінде 850 849 пациент дертінен айықса, 11 613 адам қайтыс болды.

Бұған қоса, 2020 жылдың 13 наурызынан ковидтік пневмонияға шалдыққан 77 434 адам тіркелді, 4 931 науқас көз жұмды, 65 558 пациент сауығып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936966-qazaqstanda-covid-zuqtyrgan-nauqastarga-arnalgan-100-den-asa-stacionar-zabyldy/

pixel