Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолдауға тырысты": ШҚО-да ер адам сотталған сүйіктісімен некесін қидырды

Опубликовано:

Сотталушы
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстандағы колонияда сотталған қыз тұрмысқа шықты. Жастарды маңызды күнде қолдау үшін екі жақтың да туыстары келген деп хабалайды Polisia.kz.

Евгений (есімі өзгертілген - ред) әйелдер колониясына келіп, 20 жастағы Алинаға (есімі өзгертілген - ред.) үйленуге ниетті екенін айтқан. Жігіт алдан ала дайындалып, бір ай бұрын АХАЖ бөліміне өтініш берген. Неке қиылар күні екі жақтың туыстары жиналған.

Одан бөлек, бал айының орнына жас жұбайларға кестеге сәйкес кездесуге екі күн уақыт берілген. Неке қию рәсімін салтанатты түрде АХАЖ бөлімінің қызметкері өткізген.

"Мен тұтқындалғаннан кейін ол мені қолдауға тырысты, анамнан менде бәрі жақсы ма деп үнемі сұрайды. Анам менің таңдауыма қолдау көрсетті. Бірақ мен оны сотталған әйелге үйленіп, өз өмірін құрта ма деп қорықтым. Бұл күн мен үшін өте маңызды", – деді Алина.

Алина Өскемен қаласынан Шуақ ауылында орналасқан әйелдер колониясына жіберілген. Ол психотроптық есірткі заттарды сату мақсатымен сақтағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған.

"Мекемеде сотталғандар әлеуметтік байланыстарын сақтайды. Олар колонияның ішкі ережелерін бұзбауға, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға немесе қоныс колонияға ауысуға тырысады. Осының бәріне себепкер болып, сотталғандарға моралдық қолдау көрсететін, ең алдымен, сотталғандардың туыстары", – деді ОВ-156/21 түзеу мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Анара Сабиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936969-qoldauga-tyrysty-sqo-da-er-adam-sottalgan-suiiktisimen-nekesin-qidyrdy/

pixel