Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер елордада жантүршігерлік жол апатынан аман қалған бойжеткенді аяққа тұрғызды

Опубликовано:

Жол апаты
Жол апаты. Фото: Instagram / Astanovka98

Академик Батпенов атындағы ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының дәрігерлері Нұр-Сұлтан көпірінде болған жол апатынан аман қалған бойжеткенді аяққа тұрғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бойжеткен 30 қыркүйекте біздің орталықтың қабылдау бөліміне түскен. Науқасты тексеріп, омыртқасы мен жұлынына шұғыл ота жасады. Ота 4,5 сағатқа созылды. Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін одан әрі емдеу үшін жалпы бөлімге ауыстырылды. Кеше бойжеткен үйіне жіберілді, қазір өздігінен қозғала алады. Алда оны оңалту шаралары күтіп тұр", - деді ғылыми орталықтың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі жантүршігерлік жол апатынан аман қалған бойжеткеннің оңалуына орталықтағы медициналық персоналдың бәрі үлес қосқанын, әсіресе реаниматолог пен хирургтардың, нейрохирургтардың жұмыла жүмыс істеуі себеп болғанын айтуда.

Дәрігерлердің айтуынша, бойжеткеннің өмірге деген құштарлығы да оған жасалған емдік шаралардың нәтижелі болуына ықпал жасаған.

Бойжеткенге отаны №1 травматология бөлімінің меңгерушісі Мұрат Байдарбеков, анестезиолог – анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі Тұрсын Жексембиев жасаған.

Еске салсақ, 30 қыркүйек күні елордада жантүршігерлік көлік апатынан 5 адам мерт болып, жалғыз бойжеткен аман қалғаны хабарланған еді. Ол ауыр жағдайда дереу ауруханаға жеткізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936996-darigerler-elordada-zantursigerlik-zol-apatynan-aman-qalgan-boizetkendi-ayaqqa-turgyzdy/

pixel