Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау маңында жаппай жол апаты болды: 2 адам қаза тауып, 5 адам ауруханаға жеткізілді (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: Lada.kz

13 қазанда Ақтау маңында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алған. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті мәлімдеді деп жазады Lada.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, шамамен сағат 16:50-де газ толтыру бекетіне қарама-қарсы жолда үш көлік - Chevrolet Cobalt, Daewoo Nexia және "ГАЗель" инкассатор көліктері соқтығысған.

Алдын ала болжам бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі Ақтаудан Мұнайлы ауданына бара жатып, қозғалыстың қарсы бағытына шыққан. Осылайша, қарсы беттегі көліктер "ГАЗель" және Daewoo Nexia-мен соқтығысуға жол берген.

Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болып, тағы зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар және оны кәмелет жасына толмағандарға, жүкті әйелдерге, психикасы тұрақсыз адамдарға көруге кеңес берілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937010-aqtau-manynda-zappai-zol-apaty-boldy-2-adam-qaza-tauyp-5-adam-auruxanaga-zetkizildi-video/

pixel