RU

Коронавирус: Қазақстанның тағы бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Ақтөбе облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысқан деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

14 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Ал "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте 1985 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 910 832-ге жетті.

Сонымен бірге, өткен тәулікте 1895 адам коронавирустан айығып шыққан.

Одан бөлек, 2021 жылдың 13 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 947 201 адам, екінші компонентін 7 022 361 адам салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937028-koronavirus-qazaqstannyn-tagy-bir-oniri-zasyl-aimaqqa-otti/