Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депозит үшін зейнетақы қорынан алынған ақшаны 10 жылға дейін қалдыруға бола ма

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Зейнетақы қорынан алынған қаражаттың шотта қалу уақытын ұзарту мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді деп жазады BaigeNews.kz.

Әдетте зейнетақы қорынан алынған қаражат 45 күннің ішінде мақсатты түрде жұмсалмаса, ол толық көлемде азаматтың БЖЗҚ-дағы қорына кері қайтарылады.

Алайда бүгінгі таңда қаражаттың депозитте 45 күн емес, он жылдай қала тұруына мүмкіндік беру мәселесі қарастырылып жатыр.

"Ережені әзірлеуші - Индустрия министрлігі, біз де белсенді түрде атсалысудамыз. Адамдарға қаражат жинауға көмектесетін үш ауқымды түзету болады. Бұл, ең алдымен, зейнетақы жинағын депозитке пайдалануға мүмкіндік береді. Егер бұған дейін мұндай депозиттердің 45 күннің ішінде несиеге айналуы міндетті шарт болса, бүгінде ол мерзімді шамамен 10 жылға дейін созу мүмкіндігі талқылануда, бәлкім мемлекеттік органдар мерзімді қысқарту туралы ұсыныс жасайтын болар, бірақ біз депозиттер бойынша қаражатты 10 жылға дейін сақтап, қажетті соманы жинақтауға мүмкіндік беруді ұсынудамыз", - деді Ләззат Ибрагимова "20:21" эфирлік жобасында.

Айтуынша, егер тұрғын зейнетақы қорынан алынатын қаражатты депозитке жұмсау райынан қайтатын болса, қаражат міндетті түрде БЖЗҚ-дағы қорға кері қайтарылатын болады.

"Егер сіз зейнетақы қорындағы "жеткіліктілік шегінен" артылған қаражатты депозитке аударып, кейін райыңыздан қайтып, пәтер алмай, депозитті болдырмауды қаласаңыз, біз аударылған қаражатты БЖЗҚ қорына кері қайтаратын боламыз. Себебі, әу бастан бұл қаражат зейнетақы жинағына бағытталған және сізге зейнет жасына жеткеніңізде берілетін болады", - дейді Ләззат Ибрагимова.

Еске салсақ, 1 қыркүйек күні халыққа жолдау жасаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында "Отбасы банкіндегі" есепшотқа аударуға рұқсат беру қажет екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1937039-depozit-usin-zeinetaqy-qorynan-alyngan-aqsany-10-zylga-deiin-qaldyruga-bola-ma/

pixel