Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 7 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

Опубликовано:

Фото:
Фото: David Hecker/Getty Images: UGC

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін – 7 947 201 адам, 2-ші компонентін 7 022 361 адам салдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Вакцинаның екі компонентін толық алған тұрғындар бойынша алдыңғы орында:

Алматы қаласы – 904 548;

Түркістан облысы – 814 738;

Алматы облысы –697 602;

Шығыс Қазақстан облысы – 674 702;

Қарағанды облысы – 480 920орналасқан.

Вакцина алған адамдардың саны
Вакцина алған адамдардың саны: Жедел оперативті штаб

12 қазандағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының 99 жағдайы және 8 өлім дерегі тіркелді.

Оған қоса 191 адам емделіп шықты. 13 наурыздан бүгінге дейін: ауырғандар - 77533 адам. 4939 науқас қайтыс болса, 65749 адам індеттен жазылып шықты.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейді. Өткен тәулікте инфекция 1985 адамнан расталған.

Одан бөлек, өткен тәулікте қауіпті дерттен тағы 39 адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937079-qazaqstanda-7-mln-adam-koronavirusqa-qarsy-vakcina-aldy/

pixel