"25 адам мерт болды": Депутат электросамокаттар жиі апатқа ұшырайтынын айтып, дабыл қақты
Опубликовано:

Сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында жол қауіпсіздігі мәселесін көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Депутаттың айтуынша, электросамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иелерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
Ресми деректер бойынша, биыл 8 айда осындай қозғалыс құралдарының қатысуымен 387 жағдай тіркелген, нәтижесінде 25 адам қаза тапқан, ал 411 азамат жарақат алған.
Осындай мәлімет келтірген Нұртөре Жүсіп премьр-министрдің орынасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.
"Электрсамокаттарды әкелуді және қауіпсіз пайдалануды құқықтық реттеу қажет деп білеміз. Сізден жоғарыда аталған құрылғыларды жіктеу және заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізу мәселесін тездетіп пысықтауды сұраймын.
Еуразиялық экономикалық одақтың салалық техникалық регламенттерінің нормаларын ескере отырып, кедендік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде регламенттер мен стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін құрылғылардың шеттен әкелуін шектеу бойынша шаралар қабылдау маңызды", - деді Нұртөре Жүсіп.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937082-25-adam-mert-boldy-deputat-elektrosamokattar-zii-apatqa-usyraitynyn-aityp-dabyl-qaqty/